«ТАЗА АУЛА – ТАЗА БОЛАШАҚ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ!

«ТАЗА АУЛА – ТАЗА БОЛАШАҚ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ!

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкім аппараты мен Шет аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шет агротехникалық колледжі студенттерінің қатысуымен «Таза аула» акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында Аубакиров Амангелді ақсақалдың үйінің маңайы күл-қоқыстан тазартылып, аула аумағы ретке келтіріліп, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Акцияның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастарды еңбекқорлыққа баулу және туған жерге деген жауапкершілік сезімін арттыру.
#ТазаҚазақстан#тазааула