«Шет ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ Шет аудандық мәдени- сауық орталығы директорының бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды

«Шет ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ  Шет аудандық мәдени- сауық орталығы директорының  бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды

Ұйымның заңды мекен-жайы:

📍 Мекен –жайы:Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Жанғұтты би көшесі, 39 ғимарат.

📞 Байланыс телефондары:8/71031/22236, 21117.

📧 Электрондық пошта мекен – жайы: sayasat_madeniet_til@bk.ru

📮  Пошталық индекс: 101700.

          Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

          Лауазымға ұсынылатын кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:  өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және бизнес, басқару және құқық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша  басшылық лауазымдарда  5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Басшының  лауазымдық міндеттері:

-мәдени – демалыс ұйымдарының қызметіне басшылық етеді;

-шығармашылық, әдістемелік, мәдени – ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастырады;

-байқаулар мен фестивальдарды, халық шығ

армашылығының байқауларын, көркемөнерпаздар жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;

-көркемөнерпаздар ұжымдарының жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады;

-білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымдарына шығармашылық кө

 -мамандарға кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды, жұмыскерлердің шығармашылық бастамаларын ынталандырады;

-ұйым қызметкерлерінің  өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақталуын бақылайды.

Білуі тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын,  ҚР Бюджет кодексін,    «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі,     ҚР Еңбек кодексі,

ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын.

Лауазымдық айлық ақы мөлшері:

Санаты

Қызмет атқарған жылдарына байланысты  лауазымдық жалақысы (теңге)

А1-3

  5 жылдан бастап

25 жылдан жоғары

209 842 теңге

247 670 теңге

 

«Шет аудандық мәдени - сауық орталығы» КМҚК директорының нақты жалақысы штаттық кестеге сәйкес белгіленеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш
  2.       Жеке куәліктің көшірмесі;
  3.       Білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  4.       Еңбек өтілін растайтын құжат көшірмесі;
  5.       Фотосуреті бар жеке іс парағы;
  6.       Бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме;
  7.       Ғылыми дәрежесі немесе біліктілік санаты туралы құжаттар (бар болса);
  8.       Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
  9.       Соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
  10. 250.00 нысанындағы декларация.

 

Құжаттардың көшірмелері тиісті түрде куәландырылуы тиіс.

Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда кандидат конкурсқа жіберілмейді.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің тәжірибесінің жинақталуы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Құжаттар Talapker.e-Qazyna.kz  веб порталында және интернер ресурстарда конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күн ішінде Talapker.e-Qazyna.kz  порталы арқылы қабылданады.

Конкурс екі кезеңде өтеді:

  1. Кандидаттардың біліктілігін анықтау;
  2. Әңгімелесу кезеңі.

Кандидаттармен әңгімелесу «Шет ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндік бар.

 

«Шет ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ