Аудан әкімі Мұхит Сайлауұлы Мұхтаров "Алғыс хат" табыс етті

Аудан әкімі Мұхит Сайлауұлы Мұхтаров "Алғыс хат" табыс етті

Аудан әкімі Мұхтаров Мұхит Сайлауұлы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын насихаттау, жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына белсене атсалысқан ауданның бірқатар азаматтарына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Алғыс хатын”, сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысқандарға Жалпыұлттық коалиция жетекшісі Ерлан Қошановтың “Алғыс хатын” табыстады. Аталған шара барысында ел дамуына өз үлесін қосып, жауапкершілік пен жоғары белсенділік танытқан азаматтардың еңбегі ерекше атап өтілді.
Бұл — әрбір маманның адал қызметі мен ел болашағына деген жанашырлығының айқын көрінісі.
Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, жетістіктеріңіз арта берсін!