ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАҢА БАСШЫ

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАҢА БАСШЫ

Бүгін Шет аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры лауазымына Дәулетқабылов Наурызбай Сұлтанұлы тағайындалды. Жаңа басшыны аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Ахметов ұжымға таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Дәулетқабылов Наурызбай Сұлтанұлы 1997 жылы Шет ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді.
Еңбек жолын 2019 жылы «Шет ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде статист қызметінен бастаған.
2024 жылдан бастап осы уақытқа дейін Сәкен Сейфуллин кентінде орналасқан жеке кәсіпкерлік негіздегі мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы қызметін атқарып келді.