ШЕТ АУДАНЫНЫҢ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

ШЕТ АУДАНЫНЫҢ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

Аудан әкімі М.Мұхтаров су тасқыны қаупі бар елді мекендерді аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Ауа райының жылынуына байланысты алдын алу шаралары күшейтілді.

Қазіргі таңда:

✅ Өткен жылы зардап шеккен 11 елді мекенде қорғаныс дамбалары толық қалпына келтірілді. Ақадыр, Шопа, Дәрия ауылдарында су өткізу жүйелері жаңартылды.
✅ Елді мекендерден 32 мың текше метрден астам қар шығарылып, 33 шақырым арық пен 770-тен астам құбыр тазартылды.
✅ 400-ден астам маман мен 300-ге жуық арнайы техника сақадай сай. 3 430 тонна инертті материал мен 32 800-дей қап қоры әзірленді.

📍 Аудандағы қауіпті деп саналатын 32 елді мекеннің барлығы тұрақты бақылауда. Соның ішінде 8 ауылда қауіп деңгейі едәуір төмендеді.