
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Күн тәртібіне көшпес бұрын аудан әкімі Шет аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры лауазымына Наурызбай Сұлтанұлы Дәулетқабыловты барша әріптестерінің алдында таныстырып, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі келесі негізгі бағыттар қаралды:
1. Көктемгі дала жұмыстарына дайындық іс-шаралары туралы. Егіс науқанына дайындық барысы, техника мен тұқым қорының жай-күйі талқыланды. Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Абишев атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Ағымдағы жағдай мәселелері бойынша:
Күннің жылынуына байланысты су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендердің дайындығы пысықталды. Ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.
Қысқы маусымның аяқталу кезеңіндегі жылу жүйелерінің тұрақты жұмысы сарапталды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу және мониторинг жұмыстарын жандандыру мәселесі қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан басшысы жауапты бөлімдер мен әкімдерге нақты мерзімде орындалуы тиіс бірқатар тапсырмалар жүктеді.