Құрметті жерлестер!
Қадірлі аудан тұрғындары!
Баршаңызды исі мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын мереке – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Ораза айт – мейірім мен қайырымдылықтың, сабыр мен шүкіршіліктің, ізгілік пен кешірімнің айқын көрінісі.
Шежірелі өлкеміздегі ынтымақты ел - жұртымыздың рамазан айында жасаған игі амалдары мен ізгі ниеттеры осы айт күндері еселеніп, әр шаңыраққа береке мен бақ әкелсін.
Бұл мереке адамдарды бір-біріне жақындастырып, татулық пен бірлікті нығайта түспек. Сондықтан ата-бабамыздан жалғасқан ізгі дәстүрлеріміз ұлықталып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілетін адами құнлылықтарымыз айшықтала берсін!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға баянды бақ -береке тілеймін. Әрбір атқан таң бейбітшілік пен жақсылықтың жаршысы болсын!
Ораза айт құтты болсын!