Шаңырақ күніне орай Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері ардагерді құттықтады

Шаңырақ күніне орай Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері ардагерді құттықтады

Шаңырақ күніне орай Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері 54 жыл отасқан, полиция саласында ұзақ жыл қызмет атқарған ардагер Есмағамбетов Марат ақсақал мен медицина саласының ардагері жұбайы Байкадамова Ирина әжеміздің шаңырағына арнайы барып, құттықтап қайтты.

Ақсақалға иығына шапан жабылып, әжемізге камзол мен ақжаулық табысталып, тәтті салынған себет ұсынылды.
Берекелі отбасы бүгінде көп баланы тәрбиелеп өсіріп, 8 немере, 1 шөбере сүйіп отырған ардақты жандар. Олардың татулығы мен сыйластығы – кейінгі ұрпаққа үлгі.
Осындай алтын шаңырақ иелеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! ✨