
Іс-шараның негізгі мақсаты медицина қызметкерлерін Конституция жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттандыру, сондай-ақ олардың мемлекет пен қоғам дамуындағы маңызын талқылау болды.
Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары егжей-тегжейлі таныстырылды. Заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтық қоғамның рөлін арттыру және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Медицина қызметкерлері талқылауға белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді. Аудандық коалиция өкілдері ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер демократиялық қағидаттарды одан әрі нығайтуға, елдің тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.