Аудандық коалицияның ТЖ бөлімінің еңбек ұжымымен жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша кездесуі

Аудандық коалицияның ТЖ бөлімінің еңбек ұжымымен жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша кездесуі

Аудандық коалиция өкілдері Төтенше жағдайлар бөлімінің еңбек ұжымымен жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясы жобасын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – қызметкерлерді жаңа Конституция жобасында ұсынылған өзгерістер мен толықтырулармен таныстыру, олардың маңызы мен қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру болды.
Кездесу барысында коалиция өкілдері Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарына тоқталып, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері туралы кеңінен ақпарат берді.
Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кездесу барысында қатысушыларға ұсынылып отырған өзгерістердің елдің тұрақты дамуына және қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.