Мойынты орта мектебінің еңбек ұжымымен жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясы жобасын түсіндіру бойынша аудандық коалиция өкілдерінің кездесуі

Мойынты орта мектебінің еңбек ұжымымен жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясы жобасын түсіндіру бойынша аудандық коалиция өкілдерінің кездесуі

Мойынты орта мектебінде жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясы жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған аудандық коалиция өкілдерінің білім ордасының еңбек ұжымымен кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтарды ұсынылып отырған өзгерістермен таныстыру, сондай-ақ олардың мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуы үшін маңызын талқылау болды.
Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары жан-жақты таныстырылды. Әсіресе, заң үстемдігін нығайту, азаматтық қоғамның рөлін арттыру, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Коалиция өкілдері ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер демократиялық институттарды одан әрі дамытуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.