
Кездесу барысында жастарға Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар, оның ел дамуы мен қоғам өміріндегі маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, заң үстемдігін нығайту, азаматтық қоғамның рөлін арттыру және жастардың ел басқару ісіне белсенді қатысуының маңыздылығы туралы айтылды.
Жастар кездесуге белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Аудандық коалиция мүшелері барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.