Ақсу-Аюлы ауылында облыстық коалиция өкілдерінің шаруа қожалықтарының қызметкерлерімен кездесуі өтті

Ақсу-Аюлы ауылында облыстық коалиция өкілдерінің шаруа қожалықтарының қызметкерлерімен кездесуі өтті

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері мен бағыттарын түсіндіру болды.
Кездесу барысында қатысушыларға Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар, сондай-ақ алдағы референдумның еліміздің одан әрі дамуы үшін маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, заң үстемдігі қағидаттарын нығайту, азаматтық қоғамның рөлін арттыру және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.