Аудандық коалиция өкілдері Ақадыр кенті ауруханасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Аудандық коалиция өкілдері Ақадыр кенті ауруханасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі бағыттары мен мазмұнын түсіндіру, сондай-ақ медицина қызметкерлерімен маңызды қоғамдық-саяси мәселелерді талқылау болды.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен айтып өтті. Әсіресе заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.