
Аудан әкімі М.Мұхтаров пен аудандық мәслихат төрағасы С.Социал 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауданымыздың ардақты анасы, еңбек ардагері Нұрғайша Саурыққызын мерейлі 90 жасқа толған туған күнімен арнайы барып құттықтады.
Нұрғайша әже — ұзақ жылдар бойы білім және мәдениет саласында абыройлы қызмет атқарып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан тұлға. Ол кісі бүгінде 6 бала тәрбиелеп өсірген аяулы әже, отбасының берекесі болып отыр.
Кездесу барысында қарт анамызға жылы лебіздер білдіріліп, арнайы құттықтау хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.