Қарағанды облысы Шет ауданының Ақжартас ауылында жаңа медициналық пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Қарағанды облысы Шет ауданының Ақжартас ауылында жаңа медициналық пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Нысан ауылдық жердегі тұрғындар үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында пайдалануға берілді.
Ақжартас ауылының халық саны 156 адамды құрайды. Енді елді мекен тұрғындары аудан орталығына бармай-ақ, қажетті медициналық көмекті өздерінің тұрғылықты жері бойынша ала алады.
Жаңа медициналық пункт алғашқы медициналық көмек көрсету, профилактикалық тексерулер жүргізу, вакцинациялау және дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін қажетті барлық медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Нысанның ашылуы өңірдің денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудағы және ауыл халқы үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам болды.
Медициналық пункт Ақжартас ауылының тұрғындарына қызмет көрсетіп, халықты уақтылы әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ететін болады.