
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжебеков және Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы М.Аманбаев Шет ауданындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерге арнайы жұмыс сапарымен барды.
Сапардың басты мақсаты — көктемгі кезеңге дайындық деңгейін тікелей бағалау, қорғаныс бөгеттерінің жай-күйін тексеру және жергілікті атқарушы органдарға шұғыл тапсырмалар жүктеу.
Тексеру жұмыстары келесі елді мекендерде жүргізілді:
• Қызылқой, Нұраталды, Ақсу: Қорғаныс бөгеттерін тексеру, арықтар мен қардан тазарту жұмыстары.
• Ақсу-Аюлы: Ішкі арық жүйесін кеңейту және тазарту.
• Қайрақты, Красная Поляна, Дербісалы: Қорғаныс бөгеттерінің техникалық жай-күйіне шолу.
• Ақадыр, Өспен, Еркіндік, Сәкен Сейфуллин, Бұрма: Арналар мен арықтарды тазарту, су өткізу жүйелерінің дайындығы.
Тексеру барысында аудан әкімі М. Мұхтаров аймақтағы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша нақты есеп беріп, дайындық барысын таныстырды. Сонымен қатар, барлық ауылдық округ, кент әкімдері тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік ережелері мен сақтық шаралары туралы ақпараттандыруды күшейткенін хабарлады.
Жұмыс тобы су тасқынының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жеделдетуді және елді мекендердегі қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді тапсырды.