📍 2026 жылғы 26–27 ақпан күндері облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары М.Бейсенов және өсімдіктерді қорғау бөлімінің басшысы А.Сәкімбай Шет және Ақтоғай аудандарында іссапарда болып, шегіртке зиянкестерімен күрес жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру мәселелері бойынша аудандық штаб отырыстарына қатысты.
📝 Отырыста:
✔ фитосанитариялық мониторингті күшейту;
✔ өңдеу жұмыстарына жауапты мамандарды бекіту;
✔ қажетті техника мен су жеткізуді алдын ала ұйымдастыру;
✔ жаппай таралу қаупі туындаған жағдайда қосымша бүріккіш техникаларды жұмылдыру;
✔ өңдеу жұмыстары туралы халыққа әлеуметтік желілер арқылы тұрақты ақпарат беру міндеттері жүктелді.
Аталған шаралар шегірткелердің жаппай таралуының алдын алып, ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғауға бағытталған.