АРДАГЕРЛЕРГЕ – ҚҰРМЕТ, ЕЛГЕ – АЛҒЫС!

АРДАГЕРЛЕРГЕ – ҚҰРМЕТ, ЕЛГЕ – АЛҒЫС!

1 наурыз – Алғыс айту күні – еліміздегі ең ізгі әрі мағыналы мерекелердің бірі. Осы айтулы күн қарсаңында ауданымызда игілікті іс-шаралар жалғасын тапты.
Ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Ахметов және аудандық мәдени-сауық орталығының ұжымы бірлесе отырып, қадірлі ардагерлеріміздің шаңырағына арнайы ат басын бұрып, аға буын өкілдеріне деген шынайы құрметін білдірді.
Қарттарымыздың хал-жағдайы сұралып, сый-сияпаттар табысталып, аудандық мәдени-сауық орталығының өнерпаздары ардагерлерімізге әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.