ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ – ІЗГІЛІК БАСТАУЫ

ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ – ІЗГІЛІК БАСТАУЫ

1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында “Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО) жанындағы интернат” ұжымы мен оқушылары «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Қамқор» жобасы аясында маңызды әлеуметтік шараны жүзеге асырды.
Мектебіміздің 10 «Ә» сынып оқушылары ауыл тазалығы мен абаттандырылуы жолында қажырлы еңбек етіп жүрген техникалық қызметкерлердің жұмысын ерекше бағалап, оларға құрмет көрсетті. Қыстың қақаған аязына қарамастан, қызмет атқарып жүрген жандарға оқушылар ыстық шай мен бауырсақ ұсынып, шынайы алғыстарын білдірді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында еңбек адамына деген зор құрметті қалыптастыру, мейірімділік пен жанашырлықты дәріптеу және қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілікті сезіндіру. Оқушылар мен қызметкерлер арасындағы жылы жүздесу үлкенге деген құрметтің және өзара сыйластықтың озық үлгісін көрсетті.
Қайырымдылық пен ризашылық – саналы қоғамның іргетасы. Оқушыларымыздың бұл бастамасы – еңбек адамының мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды қадам.