
Кездесу барысында қатысушыларға жаңартылған Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары жан-жақты таныстырылды. Ұсынылып отырған өзгерістер заң үстемдігін нығайтуға, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың ел басқару ісіне қатысуын кеңейтуге бағытталғаны атап өтілді.
Аграрлық салаға қатысты өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау шаралары, ауылдық аумақтарды дамыту, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, жер қатынастарының тұрақтылығы және ауылда бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Шаруа қожалықтарының басшылары мен қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауданның агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді. Кездесу сындарлы диалог форматында өтті.
Іс-шара соңында аудандық коалиция өкілдері қатысушыларды белсенді азаматтық ұстаным танытып, референдумға қатысуға шақырды. Жаңа Конституцияны қабылдау елдің тұрақты дамуы мен ауылдық аумақтарды қолдауда маңызды қадам болатыны атап өтілді.