26 ақпан күні Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылында облыстық коалиция өкілдерінің Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру мақсатында тұрғындармен кездесуі өтті

26 ақпан күні Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылында облыстық коалиция өкілдерінің Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру мақсатында тұрғындармен кездесуі өтті

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңартылған Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарына кеңінен тоқталды. Ұсынылып отырған өзгерістер саяси жүйені одан әрі жаңғыртуға, заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысуын кеңейтуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.
Тұрғындарға адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейту, сондай-ақ өңірлерді дамыту мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме берілді. Кездесу ашық диалог форматында өтті: ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Іс-шара соңында облыстық штаб өкілдері тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, референдумға қатысуға шақырды. Жаңа Конституцияны қабылдау елдің тұрақты дамуы жолындағы маңызды қадам екені атап өтілді.