25 ақпан күні «Қамқор-Локомотив» ЖШС-нің «Ақадыр доңғалақ цехы» филиалында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру мақсатында еңбек ұжымымен кездесу өтті

25 ақпан күні «Қамқор-Локомотив» ЖШС-нің «Ақадыр доңғалақ цехы» филиалында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру мақсатында еңбек ұжымымен кездесу өтті

Кездесу барысында аудандық коалиция өкілдері жаңартылған Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарына тоқталды. Ұсынылып отырған өзгерістер елдегі саяси жүйені жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.
Өндірістік сала қызметкерлері үшін маңызды мәселелерге де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, еңбек адамын қолдау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау және жұмысшылардың құқықтарын қорғау бағытындағы конституциялық нормалардың маңызы түсіндірілді.