25 ақпан күні Ақсу-Аюлы ауылында аудандық коалиция мүшелері балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

25 ақпан күні Ақсу-Аюлы ауылында аудандық коалиция мүшелері балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Кездесу барысында коалиция өкілдері жаңартылған Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарына кеңінен тоқталды. Ұсынылып отырған өзгерістер саяси жүйені одан әрі жаңғыртуға, әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.
Сонымен қатар әлеуметтік саланы дамыту мәселелеріне, оның ішінде білім беру мен балалар-жасөспірімдер спортын қолдауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Конституциялық реформалар дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге, спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жас спортшыларды даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуге құқықтық негіз болатыны айтылды.
Ашық диалог барысында жаттықтырушылар мен мектеп қызметкерлері бұқаралық спортты дамыту, дарынды тәрбиеленушілерді қолдау, жастардың түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуын арттыру жөнінде ұсыныстарын білдірді. Спорттың жас ұрпақтың бойында патриотизмді, тәртіптілік пен жоғары нәтижелерге ұмтылуды қалыптастырудағы маңызы ерекше екені атап өтілді.