
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңартылған Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарына кеңінен тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістер саяси жүйені одан әрі демократияландыруға, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтуге, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге, сондай-ақ әділдік пен заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Әсіресе адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Конституциялық реформалардың өңірлердің дамуына, азаматтық қоғамды нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашатыны айтылды.
Ағадыр кентінің тұрғындары талқылауға белсенді қатысып, өз сауалдарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Ашық диалог форматында әлеуметтік-экономикалық даму, жергілікті атқарушы органдардың рөлі және қоғамдық бақылау тетіктеріне қатысты өзекті сұрақтарға жан-жақты түсіндірмелер берілді.
Кездесу соңында облыстық коалиция өкілдері тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, алдағы референдумға қатысуға шақырды. Жаңа Конституцияны қабылдау Әділетті Қазақстан құру жолындағы және мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болатыны атап өтілді.