
Кездесу барысында коалиция мүшелері Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығына тоқталып, олардың ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Ұжым қызметкерлеріне референдумның маңызы түсіндіріліп, әр азаматтың дауыс беру арқылы ел болашағына үлес қосатыны айтылды. Сонымен қатар қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді. Аудандық коалиция өкілдері барша азаматтарды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.