Кезекті кеңейтілген аппарат отырысы өтті

Кезекті кеңейтілген аппарат отырысы өтті

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды:

📍1. 1-наурыз «Алғыс айту күні» мерекесіне дайындық іс-шаралары туралы.

1-наурыз – еліміздегі бірлік пен мейірімділік мерекесі. Осыған орай, аудан аумағында өтетін мәдени-көпшілік шаралардың, қайырымдылық акцияларының және этномәдени бірлестіктердің қатысуымен өтетін жиындардың кешенді жоспары талқыланды. Аудан әкімі мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.

📍 2. Көлік және мүлік салығын өндіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

Көлік құралдары мен мүлік салығын өндіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. Аудан бюджетінің кіріс бөлігін қамтамасыз ету мақсатында салықтық берешектерді азайту және түсіндіру жұмыстарын жандандыру бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты тұлғаларға хаттамалық тапсырмалар беріп, орындалу мерзімін белгіледі.