23 ақпан күні Аудандық коалиция мүшелерінің Ақжал кентінің тұрғындарымен жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясы жобасын түсіндіру бойынша кездесуі өтті

23 ақпан күні Аудандық коалиция мүшелерінің Ақжал кентінің тұрғындарымен жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясы жобасын түсіндіру бойынша кездесуі өтті

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарына кеңінен тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны мен маңызын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар алдағы референдумның ел болашағы үшін айрықша маңызы бар екені атап өтіліп, әрбір азаматтың белсенді қатысуы – ортақ жауапкершілік екендігі айтылды.
Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ұсыныстар мен ой-пікірлер тыңдалып, мазмұнды әрі конструктивті диалог өрбіді.
Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, нәтижелі өтті.