
Кездесу барысында штаб мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарына кеңінен тоқталып, енгізілетін өзгерістердің маңызын түсіндірді. Сондай-ақ референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы атап өтіліп, азаматтардың белсенді қатысуының қажеттілігі айтылды.
Еңбек ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Кездесу мазмұнды әрі нәтижелі өтті.