ШЕТ АУДАНЫНДА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

ШЕТ АУДАНЫНДА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Шет ауданының әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен «Қазақстан темір жолы» өкілдерімен маңызды кездесу өтті. Күн тәртібінде — «Мойынты – Қызылжар» жаңа теміржол желісін салу жобасы.
Аталған құрылыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен және Қазақстан халқына Жолдауы аясында жүзеге асырылуда. Бұл жоба:
✅ Еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтады;
✅ Трансқазақстан теміржол дәлізін дамытуға серпін береді;
✅ Аудан экономикасы мен көлік инфрақұрылымының ілгерілеуіне жол ашады.
Аудан әкімдігі тарапынан жобаны іске асыру мақсатында жер телімдерін мемлекеттік мұқтаждар үшін беру және рәсімдеу шаралары қатаң бақылауға алынды.
Аудан басшысы тиісті бөлімдер мен мамандарға өтінімдерді уақтылы қарап, заң аясында қолдау көрсетуді тапсырды. Стратегиялық нысанның құрылысы — аймағымыз үшін жаңа мүмкіндіктер көзі.