
Аудан әкімі М.Мұхтаров кезекті азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар өздерін мазалаған түйткілді сұрақтарын жеткізді.
Қабылдау барысында қаралған негізгі мәселелер: көше жарығы, жолдарды тегістеу, әлеуметтік көмек, апаттық үй кезегі, жер және жұмыспен қамту.
Аудан басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, бірқатар мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Кейбір сұрақтар бойынша заң аясында түсініктемелер беріліп, барлық өтініштер жеке бақылауға алынды.