17 ақпанда Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында Шет агротехникалық колледжі студенттері және педагогтарымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Нова Цинк» ЖШС бас директорының кеңесшісі, облыстық мәслихат депутаты Р. Әбдікеров, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ басшысы Т. Абылаев, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті профессоры А. Турлаев, сондай-ақ Алматы ашық әдеби мектебі жаңашыл поэзия курсының оқытушысы С. Қайырбек қатысты.
Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен талқыланып, оның елдің орнықты дамуына ықпалы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әлеуметтік әділетті қоғам қалыптастырудағы рөлі жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар педагогтер білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация, заманауи технологияларды қолдану және жасанды интеллект мүмкіндіктері туралы ой бөлісті. Жасанды интеллекттің оқу процесін жетілдірудегі, білім сапасын арттырудағы және студенттердің шығармашылық әрі сыни ойлау қабілетін дамытудағы әлеуеті атап өтілді.
Студенттер мен ұстаздар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар беріліп, өзара пікір алмасу алаңы қалыптасты.