
Аудандық коалиция мүшелері Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, ҚР жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары, олардың әлеуметтік саясатты жетілдірудегі рөлі және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызы жан-жақты баяндалды.