Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – рухани тазару мен сабырдың, мейірім мен қайырымдылықтың айы. Бұл айда адам баласы нәпсісін тыя отырып, ізгілікке ұмтылады, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, сауапты істерге ден қояды. Қасиетті ай қоғамымыздағы өзара түсіністік пен сыйластықты, бірлік пен татулықты одан әрі нығайта түседі.
Берекелі Рамазан әр шаңыраққа амандық пен тыныштық, молшылық пен ырыс-несібе әкелсін! Ұстаған оразаларыңыз бен жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Ауданымызда ауызбіршілік артып, игі бастамалар мен ізгі істер жалғасын таба берсін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Ізгі ниетпен, аудан әкімі М.Мұхтаров