КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Аудандық мәдениет үйінде ел өміріндегі маңызды оқиға — Конституцияның жаңа жобасын түсіндіру және алдағы референдумға дайындық мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Жиын барысында аудан әкімі М.Мұхтаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жаңғыру бағытындағы бастамаларына тоқталып, реформаның негізгі мақсаттарын атап өтті.
Кездесудің арнайы спикерлері:
🔹 Рысқали Әбдікеров – облыстық мәслихат депутаты;
🔹 Андрей Турлаев – заң ғылымдарының кандидаты, профессор;
🔹 Темірхан Абылаев – “Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің” басшысы;
🔹 Салтанат Қайырбек – ақын, IT-стартапер.
Сарапшылар бір палаталы Парламент құру, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және жасанды интеллект дәуіріндегі құқықтық өзгерістер туралы жан-жақты мағлұмат берді.