
Құрметті кент тұрғындары мен қонақтары!
Ақадыр кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен, жергілікті халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қолжетімді бағада қамтамасыз ету мақсатында әр аптаның бейсенбі күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі.
Жәрмеңке аясында кент және жақын орналасқан ауыл тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады:
• Көкөніс өнімдерінің түрлері;
• Табиғи таза бал;
• Балғын балық өнімдері;
• Күнделікті тұрмысқа қажетті өзге де тауарлар.
Сауда қатарларындағы өнімдер бағасы нарықтық құннан төмен және сапасы бақылауда. Аталған шара халықтың әлеуметтік жағдайын қолдау және отандық өнім өндірушілерге жағдай жасау мақсатында тұрақты түрде жалғасатын болады.