
Аудандық ардагерлер кеңесінің жиыны өтті. Конференцияға аудан әкімі М.Мұхтаров, мәслихат төрағасы С.Социал және ауданымыздың белсенді ақсақалдары мен делегаттар, бөлім басшылары мен ауылдық округтер,кент әкімдері қатысты.
Жиынның басты мақсаты:
🔹 Өткен кезеңдегі атқарылған жұмыстарды қорытындылау;
🔹 Жаңа міндеттерді айқындау;
🔹 Ардагерлер кеңесінің жаңа құрамын сайлау.
Жиын барысында Б.Жумкин, Ә.Смағұлов, Г.Ахметова бастаған ел ағалары мен аналары сөз сөйлеп, аудан дамуына қатысты өзекті ұсыныстарын білдірді.
Ардагерлер ұйымының жаңа құрамына сәттілік тілейміз! Ел ағаларының ақылы мен тәжірибесі ауданымыздың игілігіне қызмет ете бермек.