
Аудан әкімі М.Мұхтаров тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Көтерілген негізгі сұрақтар:
🔹 Тұрғын үй және әлеуметтік көмек: Баспана кезегі мен мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету;
🔹 Инфрақұрылым: Ауыл жолдарын жөндеу және абаттандыру;
🔹 Мәдениет: Қайырымдылық концерттерін ұйымдастыруға көмек.
Аудан басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында кеңес берді. Бірқатар мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Барлық мәселелер бақылауға алынды.