
Жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихаттау тобы (АНТ) Төменгі Қайрақты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Конституция жобасына енгізілетін негізгі өзгерістер кеңінен түсіндіріліп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.
Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтуға бағытталған.