
Аудандық ақпараттық-насихат тобының (АНТ) мүшелері Ақсу-Аюлы ауылдық округіндегі шаруа қожалықтары өкілдерімен жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру, тұрғындардың сұрақтарына нақты әрі толық жауап беру, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпараттандыру.
Спикерлер атап өткендей, реформаның негізгі бағыттары:
✅ Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту;
✅ Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту;
✅ Жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін арттыру.
Кездесуге қатысқан шаруа қожалықтарының өкілдері белсенділік танытып, реформаның ауылдық жерлердегі өмір сапасына, әлеуметтік-экономикалық дамуға және болашақ ұрпаққа тигізетін әсері жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.