2020 жылдың 14-15 тамыз күндері Қазақстан Республикасының спорт күні мерекесіне орай ерлер арасында кермеге тартылудан және кір тасын көтеруден (онлайн) жарыс өз мәресіне жетті. Кермеге тартылу және кір тасын көтеру жарысына аудан көлемінде ауылдық округтер мен кенттер тұрғындары арасында Whats app желісі арқылы, оның ішінде бейнеқонырау жасау арқылы өткізіліп, нәтижесінде жарысқа 62 адам қатысты. Жарыстың басты мақсаты карантин кезінде уақытты тиімді пайдалану үшін, «Біз біргеміз», «Біз үйдеміз» челлендждерін қолдай отырып бұқаралық спортты дамыту. Аталған жарыстарды ұйымдастыруға басшылық жасау Шет ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» тарапынан жүргізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан мақтау қағаздарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Тартысты өткен бәсекенің қорытынды нәтижесіне тоқтала кететін болсақ:
1) Кермеге тартылу бойынша;
І орын –Шагиров Мейрам, нәтижесі 25 рет (Ақсу-Аюлы ауылдық округі)
ІІ орын –Әмен Ақжол,, нәтижесі 24 рет (Ақсу-Аюлы ауылдық округі)
ІІІ орын – Әбіл Ноян, нәтижесі 21 рет (Төменгі Қайрақты ауылдық округі)
2) Кір тасын көтеру бойынша;
І орын –Әдет Ұлан, нәтижесі 501 рет (Ақадыр кенті)
ІІ орын –Попович Владимир, нәтижесі 450 рет (Ақадыр кенті)
ІІІ орын – Байболов Болашақ, нәтижесі 404 рет (Төменгі Қайрақты ауылдық округі)