2026 жылдың 29 қаңтар күні Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында облыстық “Қарлы қыс 2026» қысқы ауыл спартакиадасының аудандық іріктеу кезеңі өтті.

2026 жылдың 29 қаңтар күні Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында облыстық “Қарлы қыс 2026» қысқы ауыл спартакиадасының аудандық іріктеу кезеңі өтті.

Спортшылар жас ерекшеліктері бойынша қатысты:
- 16-18 жас (ұл-қыз)
- 21-27 жас (әйел, ер)
- 28-39 жас (әйел, ер)
- 40 жас және одан үлкендер (әйел, ер)

Жекелей сында:
- мылтық ату (ұлдар, әйелдер)
- кермеге тартылу (ерлер)
- кеудені жерден көтеру (әйелдер)
- шаңғы эстафетасы бағдарламасы бойынша сынға түсті.

Аудандық іріктеуге Ақсу-Аюлы а.о, Ақадыр кенті, Ақжал кенті, Тағылы а.о, Төменгі Қайрақты а.о, Киікті а.о, Босаға а.о, Өспен а.о, Талды а.о, Нұраталды а.о , Ақшоқы келген 70-ке жуық спортшылар қатысып, тартысты жарыс көрсетті.

Командалық есеп бойынша:
- Ақадыр кенті - І орын
- ⁠Төменгі Қайрақты а.о. + Тағылы а.о - ІІ орын
- Киікті а.о - ІІІ орынға ие болды.

Іріктеуден жеңімпаз болған спортшылар Қарағанды қаласында өтетін облыстық “Қарлы қыс 2026” қысқы спартакиадасында Шет ауданының намысын қорғайтын болады.