
Шет ауданы Мансап орталығы мен Жастар ресурстық орталығында «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті. Іс-шараға 51 адам қатысты.
Жәрмеңкеге 6 жұмыс беруші шақырылып, әртүрлі бағыттағы бос жұмыс орындары ұсынылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша кеңес алып,
жұмысқа орналасу талаптары мен шарттары туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, іс-шара барысында оқушыларға ENBEK SKILLS платформасын қолдану жолдары түсіндіріліп,онлайн оқыту және кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың еңбек нарығына бейімделуіне көмектесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету және тұрақты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету.