«Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Құқықтық тәртіп әліпбиі» акциясы ұйымдастырылды

«Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Құқықтық тәртіп әліпбиі» акциясы ұйымдастырылды

2026 жылғы 28 қаңтарда Шет ауданның «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимаратында «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Құқықтық тәртіп әліпбиі» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияға Шет ауданы қоғамдық кеңес, ақсақалдар және ардагерлер кеңесінің өкілдері, Шет ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы, «Жастар» ресурстық орталығының мамандары, сондай-ақ Шет агротехникалық колледж студенттері қатысты.
Акция барысында қатысушылар аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының бір күндік жұмысымен танысып, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, цифрлық қызметтерді пайдалану мүмкіндіктері және қолданыстағы заңнама талаптары бойынша ақпарат алды.
Сонымен қатар тұрғындарға құқықтық кеңестер беріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Аталған акция тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталды.