
Аудан әкімі М. Мұхтаровтың төрағалығымен аудандық кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Жастар мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ауданның жастар саясаты саласында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар жөнінде ауданның жастар ресурстық орталығының басшысы М.Ибрайкин баяндама жасады. Жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке тарту, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, сондай-ақ жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар қамтылды. Аудан әкімі жастармен жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Ағымдағы жағдай бойынша:
Аудан көлемінде қысқы жылу беру маусымының өту барысы қаралды. Жылу көздерінің тұрақты жұмысы, қазандықтар мен жылу желілерінің техникалық жай-күйі, ықтимал апаттық жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды. Бұл бағытта тиісті мекемелерге бақылауды күшейту тапсырылды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы жүргізіліп жатқан мониторинг нәтижелері тыңдалды. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, тұрақтандыру қорының тетіктерін тиімді пайдалану және сауда орындарымен өзара жұмысты күшейту жөнінде тапсырмалар жүктелді.
БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстар туралы есеп беріліп, аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа уақтылы және сапалы жеткізудің маңыздылығы атап өтілді. Ресми ақпарат көздерінің белсенділігін арттыру және кері байланысты күшейту қажеттігі айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі барлық көтерілген мәселелердің орындалуын жеке бақылауына алып, міндеттер жүктеді.