
Құрметті жерлестер!
Қадірменді Шет ауданының тұрғындары!
Сіздерді елімізде аталып өтіп жатқан Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, ізгілік пен мейірімділікке, өзара құрмет пен түсіністікке үндейді.
Әділдік, адамгершілік, шынайылық, жауапкершілік пен үйлесімділік сынды мәңгілік рухани құндылықтар христиан дінінің ғана емес, барша дәстүрлі діндер мен жалпыадамзаттық мәдениеттің ортақ негізі болып табылады.
Шежірелі ауданымызды мекен еткен түрлі ұлт пен дін өкілдерінің татулығы мен бірлігі – басты құндылығымыз.
Аудан тұрғындарының өзара сыйластығы мен ынтымағы өңіріміздің тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік кепілі екені сөзсіз.
Осы орайда православ христиан қауымын және барша аудан тұрғындарын Рождество мерекесімен тағы да құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, зор денсаулық, молшылық пен береке, бейбіт те баянды өмір тілеймін!
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров