КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.

Аппарат отырысында төмендегі өзекті мәселелер қаралды:

- Қысқы жылу беру маусымының өтуі туралы.
Аудан бойынша жылыту маусымы қалыпты өтуде. Дегенмен, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердегі температуралық режимді сақтау, апатты жағдайлардың алдын алу мәселелері ерекше назарға алынды.

- Халықты коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету туралы

Аудан тұрғындарын көмірмен қамту жұмыстары пысықталып, көмір тасымалында орын алатын мәселелер мен олардың шешу жолдары талқыланды.

- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары.
Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, тұрақтандыру қоры өнімдерін тиімді пайдалану, жәрмеңкелер ұйымдастыру жұмыстары жайында есеп берілді.

- БАҚ және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстар
Мемлекеттік саясатты насихаттау, халықты өзекті жаңалықтармен хабардар ету, жалған ақпараттардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар қаралды.

Жиын қорытындысында аудан әкімі әр сала бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, межеленген жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.