ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ТАҒЫ БІР ЖАРҚЫН ІС

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ТАҒЫ БІР ЖАРҚЫН ІС

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ауданға қарасты Көктіңкөлі ауылдық округінің Әлихан және 56-разъезд елді мекендерінде орталықтандырылған таза ауыз су құбыры іске қосылды.

Айтулы іс - шараға аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы барып, тұрғындар қуанышына ортақтасып қайтты.

Көптен күткен бұл жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.
Ауыз сумен қамту жобасы толық аяқталып, нысан қазіргі талаптарға сай қолданысқа берілді. Бұл — мемлекет басшысының ауылдық елді мекендерді дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясындағы нақты нәтижелердің бірі.

Сонымен қатар, аудан жұртшылығы атынан Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) өткен халықаралық деңгейдегі Ислам ынтымақтастығы ойындарында зілтемір көтеруден үш дүркін чемпион атанған, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, жерлесіміз Ковальчук Любовь Владимировнаны аудан әкімі “Құрмет грамотасымен” марапаттап, қаржылай сертификат пен естелік сыйлығын табыстады.