МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАҢА ҒИМАРАТ АШЫЛДЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАҢА ҒИМАРАТ АШЫЛДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды құру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде салынған, Шет ауданы, Красная поляна ауылдық округіне қарасты Қарамұрын ауылында медициналық пункт ел игілігіне қолданысқа берілді. Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа медициналық нысанның ашылуымен құттықтады.
Қарамұрын ауылындағы медициналық пункт 200 ден астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Нысан қазіргі стандартқа сай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, мамандандырылған кабинеттермен (дәрігерге дейінгі,қарау,рәсімдеу, пациенттерді қабылдау кабинеті) қамтылған. Бұл ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Медициналық пункт бір ауысымда 25 адамды қабылдай алады.