ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Аудан әкімі М.Мұхтаров мектеп инфрақұрылымын жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған «Келешек мектептер» жобасы аясында аудан орталығында салынып жатқан жаңа білім шаңырағына барды.

Айта кету керек, жаңа білім ошағы типтік жобаға сай салынып, заманауи талаптарға толық сәйкес жабдықталуда.

Мектепте бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары, асхана, акт залы, спорт залдары, лингафонды-компьютерлік кабинеттер, STEM-зертханалар, робототехника және хореография кабинеттері, инклюзив және логопед кабинеттері, демалыс аймақтары мен коворкинг алаңдары, оқушылардың жеке заттарына арналған шкафтар мен қосымша білім беру бөлмелері қарастырылған. Аудан әкімі мектептердің құрылыс жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес сапалы аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, аудан орталығындағы жаңа өрт сөндіру бөлімшесінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс алаңын аралаған аудан әкімі нысан сапасы мен мерзімінің қатаң бақылауда болатынын атап өтті.

Осыдан кейін аудан басшысы кәріз жүйесінің су тазалау қондырғысы нысанның құрылысын көріп, маңызды жобаның мүмкіндігімен танысты. Аудан орталығын кәріз жүйесімен қамтып, халыққа қолайлы жағдай жасау қазіргі таңда басты назарда тұр.